Аймақ

27 мектептің атауы өзгертілді

27 мектептің атауы өзгертілді

Ауданда бірқатар білім беру ұйымына ұлтымызға белгілі тұлғалардың есімі берілді.

Ауданда білім бөліміне қарасты 47 мектеп бар. Оның ішінде 27 мектептің атауы жоқ болғандықтан, олар тек нөмірмен аталып келген. Мектептерге жеке адамның атын беру үшін әр мектептің ұжымы 2020 жылы қыркүйек айында мәселе көтеріп, қаулыға сай педагогикалық кеңестің шешімімен ұсыныстарын берген. Нәтижесінде 27 мектептің атауы толығымен өзгертіліп, оларға Мұхаммед Хайдар Дулати, әл-Фараби, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Сәкен Сейфуллин, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов, Спандияр Көбеев, Шерхан Мұртаза, Асанбай Асқаров, Оралхан Бөкей және басқа да бірқатар Алаш қайраткерлері мен ұлт зиялыларының есімі берілді.