Аймақ

Балалар ойын алаңшасы ашылды

The final spritzer

Балалар ойын алаңшасы ашылды

Балалар жылына орай мерекелік тарту ретінде Арыстанды ауылында балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.

Ауылдың Әмит Асанов көшесінде орналасқан алаңшаның құрылысына 2,5 миллион теңге жұмсалған. Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қатысып, заманауи үлгідегі құрылысты жүргізген мердігер «АҚ-Айсер Табыс» ЖШС өкілдеріне алғыс айтты. Ел игілігіне қолданысқа берілген ойын алаңшасы ауыл балаларының салауатты өмір салтын ұстануына септігін тигізері сөзсіз.