- Advertisement -

Елдің мәселесі ескерусіз қалмайды

40

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласындағы No5 аумақтық округ тұрғындарымен кездесті. Аталған аумақ тұрғындары No36 орта мектепке жиналып, түйткілді мәселелерді ортаға салды.

Жиында әуелі Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков атқарылған жұмыстар мен шешілуге тиісті мәселелерді алға тартты. Одан кейін аймақ тұрғындары сөз алып, көкейінде жүрген сауалдарын қойды.

Мәселен, «Ақбұлақ» шағынауданының тұрғыны Ирина Бессчетнова және Гулия Абсатарова өздері тұратын No20 үйге ортақ жарықты қостыру үшін 150 теңгеден жинап беру қаншалықты заңды екенін сұрады. Ал «Аса» шағынауданының тұрғыны Дидар Мырзахметов: «Біз тұратын аймақта интернет жылдамдығы тым төмен.

«Қайқармет» базарының аумағындағы желі жылдамдығы тіпті нашар. Осы мәселе жөнге қойылса» – деп өз базынасын жеткізді.

Қазіргі таңда барша халықтың табыс көзі, қызмет барысы, тіпті оқушылардың тапсырмасы да интернет желісіне келіп тіркелетінін ескерген облыс әкімі бұл мәселені басты назарға алды.

– Облыста 371 елді мекен бар. Оның 367-сі ауыл болса, 4-еуі қала. Атап айтар болсақ, Қаратау, Жаңатас, Шу және Тараз. Осының ішінде 11 елді мекенде байланыс жоқ. Бұл қазіргі таңда шешілуге тиіс, әрі қаралу үстіндегі ең қажетті мәселенің бірі. Бұл мәселені жолға қою барысында жұмыстар атқарылып жатыр, – деп жауап берді Нұржан Молдиярұлы.

Басқосу барысында жастар тәрбиесіне қатысты та орамды ойлар ортаға салынды. Осы орайда қала тұрғыны Берікбол Уалиханов қызбалатағдырына қатысты мәселе қозғады. Сонымен қатар жиында тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысты түйткілдер, арықтарға су жүргізу жайы және басқа да өзекті мәселелер сөз болды.

Облыс әкімі тұрғындар тарапынан айтылған барлық мәселеге қатысты жауаптыларға нақты тапсырма берді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support