Саясат

Президент Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ресми ашылу шарасына қатысты

Президент Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ресми ашылу шарасына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен және Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельмен бірге Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ресми ашылу шарасына қатысты.

 width=

Президенттер Қырғызстанның Ұлттық тарихи мұражайының коллекциясы қойылған «Ықылым мұрасы» көрмесімен танысты. Содан соң қырғызстандық өнер шеберлерінің концертін тамашалады.

 width=

Концерт бағдарламасы аясында «Манас» эпосынан үзінді оқылып, халық ақыны Тоқтоғұл Сатылғановтың санаттары (дидактикалық өлеңдері) орындалды. Сондай-ақ халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың шығармаларынан үзінділер қойылды.

 width=

Сонымен қатар қазақ және қырғыз халықтарының бауырластығын дәріптеу мақсатында қырғыз өнерпаздары Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов сияқты тұлғаларымыздың бейнесін сомдап, екі халыққа кең тараған ән-күйлерді орындады.