- Advertisement -

Әріптесіміз республикалық айтыстан жүлделі оралды

157

- Advertisement -

Газетіміздің 100 жылдық тойымен қатарласа Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында әйгілі ақын Тұрмағанбет Ізтілеуұлының 140 жылдығына арналып республикалық ақындар айтысы өтті. Қармақшы ауданының әкімі Әділбек Ерсұлтанов, «Алтын дән» корпорациясы ұйымдастырған аламан айтысқа Астана қаласынан, Жамбыл және Түркістан, Қызылорда облыстарынан іріктелген үздік ақындар қатысты. Айтысты «Алтын домбыра» республикалық айтысының үш дүркін жеңімпазы Мұхтар Ниязовтың жүргізуі де жыр додасының бәсі жоғары болғанын байқатса керек.

Жыр додасына «Аq jol» газетінің бөлім басшысы, әріптесіміз Есет Досалы да қатысып, жүлделі оралды. Ол әуелі қызылордалық Нұрмат Мансұровпен терезесі тең өрелі айтыс жасап, финалға өтті. Құлманбет айтыс шартымен өткен финалда әріптесіміз тақырыпты жақсы ашып, әзілден де іркіле қойған жоқ. Нәтижесінде бас жүлде қармақшылық жас айтыскер Сырым Әділбековке бұйырса, бірінші жүлдені әріптесіміз Есет Досалы олжалап қайтты. Сырдың даусыз жүйрігі Нұрмат Мансұров бұл жолы екінші жүлдеден көрінсе, үшінші жүлдеге де Сыр бойының жас жүйрігі ие болды.

Додаға жерлесіміз, байзақтық Рай Дөңбай да қатысып, жақсы өнер көрсетіп, ынталандыру сыйлығын иеленді.

Біз әріптесіміз Есет Жаңабайұлын Сыр бойынан олжалаған жеңісімен құттықтап, шалқар табыс тілейміз!

 

«Аq jol»-Аqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support