Тараздықтардың мерейі тасыған күн
Тараздықтардың мерейі тасыған күн
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ағымдағы жылдан бастап Республика күні Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің басты мерекелерінің бірі болып қайта оралды. Бұл бастама қоғамдық қолдауға ие болып, Республика күні – бүкіл халықпен аталып өтетін ұлттық мейрамға айналды. Осылайша, Республика күнін мерекелік күнтізбеде қайта жаңғырту – бұл Жаңа Қазақстан өкілдерінің өз тарихи бастауын мойындауы мен ұрпақтар сабақтастығының, мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы халқымыздың тарихи еңбегі мен еркіндігін құрметтеудің символы болды. Облыстық филармонияның күміс көмей, жезтаңдай өнерпаздары ән мен биден шашу шашты. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, қала әкімі Бақытжан Орынбеков бастаған әулиеаталықтар белсене қатысты. Сән салтанаты жарасқан мерекеде мәдени-көпшілік шаралардан бөлек спорттық сайыстар да ұйымдастырылды.
Нұржан ҚАДІРӘЛІ