- Advertisement -

Анам және мен

166

- Advertisement -

Республика күні қарсаңында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі және «Анаға тағзым» орталығының ұйымдастыруымен «Foodfest-Taraz» фестивалі ұйымдастырылды.

Ана мен баланың арасындағы жылы қарым-қатынас бар әлемге мейірін төгіп тұрады. Әсіресе қонақжай қазақ қыз баланы болашақта барған жеріне тастай батып, судай сіңуді ана тәрбиесінен деп біліп, қаршадайынан-ақ дастарқан жайып, ас әзірлеуге үйреткен. Осы орайда қыз баланың анасымен бірге жасаған дүниелерінен қымбаты мен бірлесе тіккен кестесінен әсем өрнегі жоқ десе, артық айтқандық емес. Ана атаулының қамқорлыққа толы мейірбан үнінің өзінде ұлағат бар.

Жиын барысында «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали, қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Анасы мен қызының ықылас танытуымен өткен фестиваль көпбалалы аналарға қолдау ретінде, әрі, әр отбасының өзіне тән аспаздық дәстүрін насихаттап, ана мен қызының арасындағы құрмет сезімін арттыру мақсатында қолға алынды. Бұл шараға бәліш және салат түрін әзірлеу сынды екі номинация бойынша 16 нәзікжанды қатысты.

Дастарқаны жиылмаған дәстүр бойынша дәм дайындауға кіріскен арулар өздерінің жылдам һәм қолынан бал тамған ас үй ханшайымы екендіктерін танытуға барын салды. Олардың алды 10 минут көлемінде түрлі дәм жасап үлгерді. Бірі бәлішін «Анаға тағзым» деп түрлі бояулармен әспеттеп жазып, әрлесе, енді бірі салатының жылдам дайындалғанын ескеріп, «Ылдым-жылдым» деп атапты.

Төрт баланың анасы Ақмарал Дидарбекова мен қызы Нұрайым Жандарбек те бүгінгі фестивальға қатысқандарына ерекше қуанышты. Жүздері бал-бұл жанған олар «Сникерс» бәліші мен «Иммунитет» салатын бар ықыласымен дайындағандықтарын жеткізді.

– Мен анаммен бірге тағам дайындағанды сондай қатты ұнатамын. Бүгінгі фестиваль барысында анам маған риза пейілмен үйреткенінің өзінен қуат алдым. Өз қолыммен салат әзірледім, бәліш пісірдім. Асүйдегі осындай ғажап та қызықты сәттерді анаммен бірге өткізгеніме қуаныштымын,– дейді Нұрайым.

 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support