Республика күніне орай спорттық шара ұйымдастырылды

Республика күніне орай спорттық шара ұйымдастырылды
25 қазан - Республика күні қарсаңында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде спорттық-мерекелік бұқаралық шара өтті.
Сайыс барысында сотталған азаматтар кіші футбол ойнап, гір тасын көтеруден бақ сынасты. Тартысты өткен додаға әрбір жазасын өтеуші белсене қатысып, мекеме әкімшілігі әзірлеген сый-сияпатты қанжығасына байлауға күш салды. Айта кетейік, бұл спорттық шара арнайы контингентке мерекелік көңіл-күй сыйлау және олардың қоғаммен байланысын нығайту әрі еліміздің патриоты болуға үндеу мақсатында жүзеге асты.