Зертхананың тәжірибелі маманы

Зертхананың тәжірибелі маманы
Мақсат Күлпешовтің мамандығы – инженер. Шымкент қаласындағы жоғары оқу орнында «Құрылыс» факультетінде білім алған. Бұған дейін, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына қарасты бөлімдердің бірінде абыройлы қызмет еткен ол екі жылдан бері аймақтағы «Ұлттық жол активтерінің сапасын арттыру орталығының» зертханасында жұмыс істейді. Оның айтуынша, кез келген сынама қорытындысына қол жеткізу оңайға соқпайды. - Бүгінгі таңда әріптестерімізбен бірлесе отырып, заманауи құрылғылардың көмегімен жол сапасын зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мұндай аппараттар сала мамандарының жұмысын жеңілдетіні рас. Біздегі арнайы құрылғы арқылы әрбір деталь жіті тексеріледі. Бұдан бөлек, материалдарды сынамадан өткізіліп, тиісті талдау жасалады. Айта кету керек, кез келген сынама қорытындысына қол жеткізу оңайға соқпайды. Мұндағы қиында қызықты әрбір сәт қызметкерлерге зор жауапкершілік жүктейді, - дейді Мақсат Нұрланұлы.