- Advertisement -

«Цифрлық Қазақстан» «Алматыкітаптың» «TopIQ.kz» платформасы Жамбыл облысы мектептерінде таныстырылды

246

- Advertisement -

«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» демекші, ақпараттық технологиялардың даму қарқыны білім саласына да өз жаңалығын енгізе бастады. Бұл заңды да. Айталық, мектеп оқушыларының сөмке толы кітап арқалап жүруі заман ағымына қарай өзгеріске ұшырай бастады. Оның үстіне кейінгі жылдары білім беру бағдарламасы төңірегіндегі реформалардың «жемісі» ретінде оқулықтардыңсөмкесі бұрынғыдан үлкейе, тіпті ауырлай түсті. Бұл орайда ата-аналардың шағымы да аз болып жатқан жоқ.

Ел болашағына қатысты бұл кері кеткен жағдай Мемлекет басшысының да назарына ілікті. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің кезекті отырысында Президент Қ.К.Тоқаевтың «Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіру және оқушы сөмкесінің салмағын жеңілдету» жөнінде тапсырма берген-ді. Осы мақсатта «Алматыкітап баспасы» тұңғыш «TopIQ» білім беру web-платформасын тиімді пайдаланудың әдіс-тәсілдерімен бөлісуді бастап кетті.

Бұл интерактивті оқулықтар платформасын жасауға күш салған баспаның техникалық мамандары мен редакторлары, еліміздің барлық өңірлеріндегі ұстаздар қауымына арнап кәсіби семинарлар өткізіп келеді. Тақырыбы «TopIQ – білім беруді цифрландырудың драйвері». Аты айтып тұрғандай бұл жоба оқулықтарды цифрландыруға үлкен серпін береді деп күтілуде.

Ұйымдастырушылар бұл жобаны Жамбыл облысынан бастап отыр. Жуырда Шу, Меркі және Жамбыл аудандарының мектептерінде осы тақырыпта семинарлар өтіп, онда «TopIQ.kz» платформасын көпшілікке көрсету арқылы, ауқымды презентация форматында ұсынылады.

Жалпы, 2020-2021 жылы қашықтықтан оқыту кезеңінде «Алматыкітап баспасы» жасаған цифрлық контент еліміздің көптеген аймақтарында оқу үдерісіне сәтті енгізілді. Тәжірибе көрсеткендей, электронды оқулықтарды пайдалану – оқытушылар мен оқушылар, ата-аналар үшін өте ыңғайлы.

Алматыкітап баспасы» осындай қызықты әрі ауқымды іс-шараға БАҚ өкілдерін, мектеп басшыларын, блогерлерді, педагогикалық сала мамандарын, мұғалімдерді, мектеп оқушылары мен ата-аналарды шақырады.

Жалпы, семинар мақсатының ауқымы кең. Шарауаны ең алдымен TopIQ электрондық оқулықтар платформасын ұстаздар қауымына таныстырып, оны қолдануға бейімдеуден бастап отыр.

Семинарда еліміздің барлық өңіріндегі педагогика саласының мамандары жаңа білім беру платформасының оқу материалдарын тез меңгеруге көмектесетініне көз жеткізіп, оқушылардың білімге деген құштарлығын да арттыруға негізделген мүмкіндіктерін көреді.

«Алматыкітап баспасы» әзірлеген білім беру платформасының басты ерекшелігі – инклюзивтілігінде. Яғни, платформаның қызметтері оқушының жеке білім алу траекториясын құруға өте ыңғайлы.

Елімізде 7 мыңға жуық мектеп, 340 мыңнан астам мұғалім және 3,5 миллионға жуық оқушы бар. Жаңа платформа әрбір оқушыға жеке тапсырмалар беруге, алған білімдерін қайталап, тексеруге мүмкіндік береді.

Жамбыл облысынан бастау алған «TopIQ.kz» платформасын көпшілікке таныстыру семинарлары еліміздің әр аймағында өтеді деп жоспарланған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support