Саламатты болашаққа қадам
Саламатты болашаққа қадам
Облыс орталығында паралимпиадалық бочча спорты бойынша тегін спорттық секция ашылды. Бұл бастама «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асты. Енді жас азаматтар жаңа паралимпиадалық спорт түрін меңгеріп, инклюзивті хореографияға қатыса алады.
«Тараз-Арена» спорт кешенінде секцияның салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты шараға паралимпиада чемпионы Зульфия Габидуллина, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры мен «Қазақстан Бочча Федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.
«Aq jol»-Aqparat».