Құтқарушы – мәртебелі мамандық
Құтқарушы – мәртебелі мамандық
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Ермек Момбаев әріптестерін айтулы мерекемен құттықтады. Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Серік Әлібеков пен Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрбол Қалдыбаев құтқарушыларды мерекемен құттықтап, күрделі әрі қауіпті қызметте амандық пен табыс тіледі.
Одан әрі жас мамандардың Отан алдында Ант қабылдау рәсімі өтті. Сондай-ақ Тараз қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мәжіліс залында мерекеге орай салтанатты жиын өтті. Жиын барысында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Ермек Момбаев әріптестерін айтулы мерекемен құттықтады. Облыс әкімдігі аппарат басшысының орынбасары Серік Әлібеков пен Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрбол Қалдыбаев құтқарушыларды мерекемен құттықтап, күрделі әрі қауіпті қызметте амандық пен табыс тіледі. Бірқатар қызметкерлер мен ардагерлер жоғарғы басшылықтың арнайы грамоталарымен, Алғыс хаттармен, түрлі сипаттағы төсбелгілермен марапатталды. Бір топ қызметкер кезекті шенге ие болды.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап еліміздің азаматтық қорғау қызметі өзінен бұрынғы өткен буынның дәстүрін қалтқысыз сақтай отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінде абыройлы қызметтердің қатарынан көріне білді. Қоғам мен аумақты түрлі сипаттағы төтенше жағдайлар мен апаттардан қорғаудың алдын алу және қамтамасыз ету бойынша күрделі тапсырмаларды тиімді шешу жолында айтарлықтай мол тәжірибе жинақтады. Азаматтық қорғау жүйесі қызметінің негізгі нәтижелері мен табыс индикаторына, жалпы жетістіктеріне – қайғымен бетпе-бет ұшырасқан сан мыңдаған құтқарылған өмірлерді жатқызуға болады. Міне, еліміздің түкпір-түкпіріндегі өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күнделікті жұмыс тәртібі дәл осындай жағдайлардың алдын алуға бағытталып келеді. Сала қызметкерлері төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет ету және салдарын жою, адам өлімін болдырмау, шығынды азайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету секілді міндеттерді табысты атқаруда. Батырлық, ерекше төзімділік пен қайтпас қайсарлық секілді мінез бітістерімен табысты еңбек етудің нәтижесінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар ел азаматтарының алғысына бөленіп келеді.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП