«Aq jol»-дық журналистерге риза болдым
«Aq jol»-дық журналистерге риза болдым
Сонымен қатар жастар тарапынан сұрақтар қойылып, оған нақты жауап алдық. Өзімді де толғандырып жүрген «Журналист – ол кім?» және оларға қойылатын міндеттер мен талаптар туралы сұрадым. Әрине, бұл сұрақтың жауабын күнде ұстаздарымыздан естіп, интернет желісінен көріп, біліп те жүрміз. Әйтсе де осы сұраққа жауапты нағыз кәсіби, өз ісінің маманы–журналистерден естігім келді. Халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналған журналистердің біз біле бермейтін ішкі тіршілігіне де біршама қаныққандай болдық. Осы кездесудің нәтижесінде қалам иелеріне деген құрметім артып, мазасыз да мәртебелі мамандыққа деген құштарлығым бұрынғыдан бетер артқандай болды. Мамандық таңдауда қателеспеппін дедім іштей. Ардагер журналист Амангелді Әбіл менің қандай жоғары оқу орнында оқитынымды білген соң, маған сенім білдіріп, «Осы кездесу туралы хабар жазасың ба?» дегенде қатты қуандым. Үлкендер тарапынан жастарға осындай қолдау, көмек, ұсыныс болып жатса, біздер – жастар алдыңғы толқын салған жарқын жолмен жүреміз. 100 жасқа толып жатқан облыстың ата газетінің ғасыр тарихымен танысып қана қоймай, журналистика саласында біршама ой-өрісіміз өскенін, шығармашылық байланысқа шақырғандарын курстас-достарға қуана жеткіздім.
Алмат АБИРОВ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің журналистика және репартер ісі факультетінің конвергенттік журналистика бағдарламасының
1-курс студенті.