Жаһан

Бағдарламаны жүзеге асыруға бүкіл өңірлер қатысуы қажет

The final spritzer

Бағдарламаны жүзеге асыруға бүкіл өңірлер қатысуы қажет

Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаев облыс әкімде­рі­мен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында жария етілген жаңа экономикалық бағдарламаны жүзеге асыруға бүкіл өңірлер қатысуы қажеттігін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев алға қойылған барлық міндеттерді жүзеге асыру үшін облыс әкім­дерінің бар мүмкіндіктерін тиімді пайдалануы керектігіне назар аударды. Сондай-ақ, әкімдер Пре­зи­дентке өздері басқарып отырған өңірлердің әлеуметтік-эко­номикалық дамуы мен негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы ­баяндады.