Қоғам

Ұрпақтар сабақтастығы өз жалғасын табуда

The final spritzer

Ұрпақтар сабақтастығы өз жалғасын табуда

Қай ұжымда да ұрпақтар сабақтастығы маңызды рөл атқарады. Себебі, кеше күннің көзін көрген көнекөздер бүгінгі буынға білгенін үйретіп, тәжірибесімен бөліссе нұр үстіне нұр. Бұл үрдістің өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты №26 түзеу мекемесінде де заңды жалғасын табуы көңілге медет.

 width=

2015 жылдың қазан айында құрметті зейнет демалысына шыққан сала ардагері Ерғали Токкулиев аталған мекемеде бақылаушылық қызмет бөлімінің аға бақылаушысы болған. Шені – әділет аға прапоршигі. Ерғали Дүмшебайұлы жылы жүздесу барысында жас қызметкерлерге қиындығы мол қызметтің құпиясымен бөлісіп, тәжірибесін тілге тиек етті. Бұдан бөлек, сала ардагері арнайы контингентпен жұмыс істеу тұсында әрбір ҚАЖ қызметкерінің салқындылық танытып, эмоциясын басқаруы аса маңызды екенін атап өтті. Кездесу соңында мекеменің басшы құрамы Ерғали Токкулиевке алғысын білдіре отырып, иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.