- Advertisement -

Үздік қызметкерлер марапатталды

87

- Advertisement -

25-қазан Республика күніне орай облыс орталығындағы Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде ауқымды шара өтті. Шара барысында өз қызметін мінсіз атқарып жүрген әрі Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға үлес қосқан бірқатар жамдылдық қызметкерлер марапатталды.

Бұл күні сондай-ақ саланың дамуына еңбек сіңірген оннан аса ардагерлерге де құрмет көрсетілді. Салтанатты шараның ашылу рәсімінде сөз алған департамент бастығының орынбасары, әділет полковнигі Қанат Жарылғапов жиналғандарды мерейлі мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

— Республика күні 13 жылдан кейін қайта тойланғалы отыр. Мерейлі мереке қарсаңында Сіздерді шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға қызметте табыс, жанұяларыңызға амандық тілеймін, — деді Қанат Шамарданұлы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support