Ольга СБИТНЕВА,славян этномәдени бірлестігінің төрайымы, аудандық мәслихаттың депутаты. Қазақстан Президентінің халыққа арнаған әр Жолдауы тек сөз күйінде ғана емес, іс жүзінде аса маңызды екенін уақыттың өзі дәлелдеді. Берілген әр тапсырма бұлжытпай орындалып, нәтижесінде барлық салаға серпіліс әкелді. Елбасының «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты Жолдауы да алдағы даму көкжиегін айқындап берді. Жаңа құжат сонымен қатар ұлтаралық келісім мен ел ішіндегі тұрақтылыққа баса назар аударылуымен де ерекше. Әр қазақстандық ұлтаралық татулықты сақтауға барынша үлес қосуы қажет екені айтылды.
«Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндіктер беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре беруіміз керек» деді Елбасы. Ұлт Көшбасшысының салиқалы сөздері жүрегімді тебірентіп жіберді.
Расында да кез-келген істі біз үшін сырттан ешкім келіп атқарып бермейтіні бесенеден белгілі. Біздің тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан жастарымыз ешқандай ұлтаралық қақтығыссыз, түсінбеушіліксіз өссе екен дейміз. Бұдан бөлек көптеген мәселелер көтеріліп, халықтың көкейінде жүрген жайлар тілге тиек етілді. Жалпы, халық Жолдауды асыға күтеді және әрқашан үміті ақталып, жаңашылдыққа жақындай түседі. Бұл жолы да Елбасы сөзі дүйім жұртты бір серпілтіп тастады деп ойлаймын.
Қордай ауданы.