Спорт және туризм

Балғындар бақ сынады

The final spritzer

Балғындар бақ сынады

Бауыржан Момышұлы ауылындағы спорт кешенінде Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына және 25 қазан – Республика күніне арналған 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан Жуалы ауданының ашық біріншілігі өтті.

Жарыстың өтуіне мұрындық болған Жуалы аудандық «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы» КММ мен No16 бокстан балалар-жасөспірімдер спорт мектебі спортшыларға барлық жағдай жасады. Бұл жарысқа Түркістан облысы, Тараз қаласы, Жамбыл, Байзақ, Тұрар Рысқұлов, Талас, Шу, Жуалы аудандарынан барлығы 8 командадан 111 жасөспірім былғары қолғап шебері Жуалы рингіне шығып, күш сынасты. Жиырма салмақ дәрежелері бойынша айқасқан боксшылар алдыңғы толқын ағалар көшіне ілесуге деген талаптары мен құштарлықтарын барынша көрсетіп қалуға тырысты. Жарыстың қорытындысы бойынша әр салмақта жеңімпаз бен жүлдегер атанған боксшылар медальдармен, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

Мақпал САМАТҚЫЗЫ Жуалы ауданы.