- Advertisement -

Қордай ауданында аппараттық кеңес отырысы өтті

26

- Advertisement -

Бүгін аудан әкімдігінде аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл әкімдері және басқа да мекемелер мен ведомстволардың басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес отырысы өтті.

Күн тәртібінде бірнеше сұрақ қаралды. Алдымен ағымдағы жылдың 9 айының және жылдың қорытындысымен бюджетке түсетін кірістер мен шығыстардың орындалу барысы болды.

Мемлекеттік бюджетке түсетін қаражаттың қаншалықты маңызды екендігін ескеріп, жұмысты жандандыру бойынша нақты ұсыныстар берілді. Осы күнгі кеңесте тағы да ерекше назар аударылып қаралған мәселе алдағы сайлау науқаны болды. Науқанға қарсы дайындық жұмыстары жайлы аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай баяндама жасады.

Жалпы аудан бойынша аса маңызды саяси науқанға дайындық жұмысы қарқынды жүруде. Еліміздің болашағын анықтайтын кезең аудан әкімдігінің ерекше назарында. 

Сайлау науқаны өте жоғары дәрежеде өткізілуі тиіс. Бұл сайлау ерекше маңызға ие. Еліміздің болашағын анықтайтын іс-шара барысында біз өз біліктілігімізді көрсетуіміз керек. Осы орайда әрбір ауылдық округі әкімінің дайындық мәселелері зерделеніп, тиісті тапсырмалар берілді.

Сонымен бірге кеңес барысында ветеринарлық пункттерді ғимаратпен қамту мәселесі, күзгі дала жұмыстарына дайындық туралы, жанар-жағар май, дизель отыны және газ бағасы, жылыту маусымына дайындық барысы, Қордай, Сортөбе ауылдарындағы коммуналдық пәтерлерді газға қосу жұмыстары, жалпы газға қосу жұмыстарының барысы, әділет басқармасына тіркелуі, санитарлық тазалық жұмыстары, баспасөзге жазылым мәселесі, Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру пилоттық жобасы, «Асарлатып үй салу» жобасының барысы және өзге де сұрақтар қарастырылып, талқыланды.

 

Қордай ауданының баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support