Құтқарушыларға құрмет көрсетілді
Құтқарушыларға құрмет көрсетілді
Жылдың төрт мезгілінде де төтенше жағдайда бірінші болып жететін ауданымыздағы құтқару қызметінің мамандары да өздеріне берілген жауапкершілікті сезініп, антына адалдық танытып келеді. Олар аудандағы 100 мыңнан аса халыққа қалтқысыз қызмет етуде.
Осыған орай, Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев Құтқарушылар күні қарсаңында осы саланың ардагерлері мен бүгінгі бейбіт күннің батырларымен кездесіп, меншікті мерекелерімен құттықтады.
Ұзақ жылдар бойы құтқару қызметінде табан аудармай еңбек еткен бірқатар азаматтарға “Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісін табыс еттім. Бұдан бөлек, сала мамандарына Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етілді.
Құрметті құтқарушылар!
Сіздерді тағы да кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, асқаралы абырой тілейміз! Ел қауіпсіздігі мен тыныштығы жолында жасап жатқан еселі жұмыстарыңыз табысты болсын!
Шу ауданының баспасөз қызметі