Экономика

Елбасы кәсіпкерлерге ерекше көңіл бөлді

Елбасы кәсіпкерлерге ерекше көңіл бөлді

Тоқан БІЛӘЛИЕВ, жеке кәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты.

Әлемде болып жатқан қиындықтар, түрлі дағдарыстар біздің елімізді де айналып өтпейтініне ешкім кепілдік бере алмайтыны сөзсіз. Яғни, біз дүниежүзінде болып жатқан үдерістерге батыл жауап беріп, кез-келген қиындыққа дайын болуымыз керек. Шүкір, бүгінде елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға барлық жағдай жасалуда. Елбасының тікелей ықпалымен кәсіпкерлікті тексеруге мораторий жарияланды. «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысында баяндама жасаған Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов мораторий жариялануының нәтижесінде рұқсат беру құжаттарының саны 30 пайызға дейін азайғанын айтты. Осы орайда Елбасының «Мораторий мерзімінің бітуіне де аз уақыт қалды. Одан кейінгі жағдайға дайындық барысы қалай?» деп алаңдаушылық білдіруінің өзі көп нәрсені аңғартса керек. Дана қазақта «Еңбек етсең емерсің» деген сөз бар. Еңбек еткен адамның расында да еңсесі биік. Ал енді мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, түрлі бағдарламалар қабылданып жатқанда қалай қол қусырып отыруға болады. Оның үстіне кәсіпкерлікті дамыту «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасының ең негізгі басымдықтарының бірі екендігі белгілі. Осы орайда Елбасының даналығына еріксіз тәнті боласың.

Сарысу ауданы.