- Advertisement -

Саят Бәтей облыс намысын қорғайды

43

- Advertisement -

«Тараз-Арена» спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі жастар арасында жүгіруден облыстық жарыс өтті. Аталған жарысты танымал марафоншы, Олимпиадаға қатысушы, Азия чемпионатының жүлдегері Тахир Мамашаев ұйымдастырды.

Аталған жарыста 100 метр қашықтыққа жүгіруден тараздық Саят Бәтей барлық қарсыластарынан озып, жеңімпаз атанды. Саят Асқарбекұлы мұның алдында да жастар арасында республикалық жарыстардан жүлдемен оралған болатын. Саяттың жеке бапкері– Фарух Рустамович. Енді ірі жарыстарға дайындық жолында Тахир Мамашаевтан тәлім алатын болады. Алдағы уақытта Аят Бәтей республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайды. Жас спортшы келесі жарыстарға дайындықты бастап кетті.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support