- Advertisement -

Жеңімпаздар – ел мақтанышы

68

- Advertisement -

Италияның Лидо-ди-Йезуло қаласында жасөспірімдер және жастар арасында кикбоксингтен өткен Әлем чемпионатында жүлдегер атанған жамбылдық спортшылар тамаша табыстарға қол жеткізді.

Атап айтқанда, 57 килограмда Исмаил Люшанло алтыннан алқа тағынса, 44 килограмда Анел Әбдірәсілова, 48 килограмда Ерсұлтан Төлен, 51 килограмда Бекжан Ермек, 54 килограмда Шамиль Фушанло, 57 килограмда Ислам Маянху күміс жүлдегер атанған болатын.

Сондай-ақ 57 килограмда Тимур Каратаев, Тимур 63 килограмда Мұса Мерзиев, 71 килограмда Ерлан Әуесханов қола жүлдеге қол созды. Осылайша олар ел құрамасына бір алтын, бес күміс, үш қола медаль сыйлады. Айта кетейік, кикбоксингтің барлық бөлімі бойынша болған додада 63 елден 750-ге жуық спортшы жаһандық бәсекенің жүлделерін сарапқа салған болатын.

Жамбылдық жеңімпаз және жүлдегерлерді Тараз теміржол вокзалынан облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Жолдасбеков бастаған тараздықтар қарсы алып, абыройымызды асырып келген спортшыларға құрмет көрсетіп, алғыстарын білдірді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support