- Advertisement -

Этножурналистика саласындағы үздіктер

170

- Advertisement -

Ағымдағы  жылдың 17-қазан күні Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінде  облыстық ҚХА Журналистер клубының отырысы және Қазақстан Республикасы күніне арналған «Бір шаңырақ астында» этножурналистика саласындағы облыстық шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Журналистер клубының кезекті отырысына осы бірлестіктің өкілдері, қазылар алқасы, республикалық, өңірлік, қалалық, аудандық БАҚ журналистері қатысты.

Іс-шараны «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак  Қасымқызы Жинақбаева құттықтау сөзімен ашты. Спикер өз сөзінде ҚХА, Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктері өткізетін іс-шараларды үнемі жариялап отыру қажеттігін және бірлескен жұмыстың маңыздылығын айрықша атап өтті.

Бұдан әрі «Бір шаңырақ астында» байқауы талқыланды. Жамбыл облысы ҚХА Журналистер клубының төрағасы, республикалық «Казахстанская правда» газетінің жеке тілшісі Михаил Те байқаудың жұмыстары бойынша өз пікірін қатысушыларға  егжей-тегжейлі жеткізді.  Ол байқауға түскен материалдар жоғары деңгейде болғанын және жеңіске жетуге үміткер тілшілердің ішінен таңдау жасау  қиындау болғанын да атап өтті.  Бұған қоса, байқау жұмыстары арасында аналитикалық, публицистикалық, репортаждық сипаттағы сапалы материалдар, сұхбаттар құпталғанын  түсіндіре кетті.

Сонымен қатар, Михаил Те байқау өткізуде келесі жылы номинациялар бойынша жүлделі орындар беруді ұсынды. Ұсынысын қатысушылар бірауыздан  қолдады.

Бұдан әрі Баспасөз қызметі орталығының баспасөз хатшысы Бибігүл Утепова жыл басынан бері атқарылған бірлескен жұмыс туралы айтып берді. Оның сөзін АҚДМ, «Қоғамдық келісім» КММ-мен сындарлы ынтымақтастықты, республикалық жобаларға, акцияларға, челендждерге қатысуды атап өткен Баспасөз қызметінің қызметкері Ольга Макарова толықтырды.

Журналистер клубы отырысының соңында этножурналистика саласындағы «Бір шаңырақ астында» облыстық шығармашылық байқауының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. «Қоғамдық келісім» мекемесінің  басшысы Мүбарак Қасымқызы аталған байқауды өткізу дәстүрге айналғанын атап өтті. Сонымен бірге, жылдан жылға байқауға қатысушы журналистердің саны ұлғайғандығы және олардың   мәдениетаралық диалог саласындағы өз жұмыстарын көрсету деңгейі сөз болды.

Биыл байқауға қатысуға ниет білдіргендер 2022 жылдың 1 қаңтарынан 7 қазанына дейін ассамблея жөнінде жарияланған материалдарын өткізіп, Жамбыл облысы әкімдігінің ІІБ «Қоғамдық келісім» КММ  Баспасөз орталығына тікелей өтінім бере алды.

Одан әрі 14-қазанда конкурстық қазылар алқасының отырысы өтті, оның құрамына «Казахстанская правда» республикалық газетінің меншікті тілшісі Михаил Те, «Жамбыл-Тараз» қалалық газетінің бас редакторы Саятхан Сатылғанов, «Jambyl TV» өңірлік телеарнасының журналисі Ғазиза Рүстемқызы кірді. Олар 30 қатысушының жұмысын қарады.

Нәтижесінде жүлделі орындардың иегерлері анықталды. Бұл жолы Бас жүлдені облыстық «Ақ жол» газетінің журналисі Есет Досалы иеленді. Бірінші орынды «Jambyl TV» аймақтық телеарнасының журналисі Ильдар Гизатулин жеңіп алды. Екінші орын аудандық «Қордай шамшырағы» газетінің тілшісі Шолпан Сабановаға берілді. «Тараз 24» телеарнасының жас тілшісі Аружан Смайылова жүлделі үшінші орынға ие болды.

Конкурстың жеңімпазы мен жүлдегерлерін, сондай-ақ, 30-ға жуық  қатысушыларын «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Жинақбаева марапаттады.

Іс-шара естелік-фотосессиямен аяқталды.


«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support