Әлеумет

Түз тағылары тыным бермей тұр

Түз тағылары тыным бермей тұр

Билікөл маңайын жағалай қоныстанған шаруалар түз тағысынан қатты зәбір көруде. Күн суытқалы ашыққан жыртқыштар тіпті қораға түсуде.

– Соңғы екі айдың ішінде, – дейді берікқаралықтар. – Қой-ешкіні айтпағанда, отызға тарта жабағыны жайратып кетті. Күнін қолдағы азын-аулақ малмен ажыратып отырған ауылдықтар үшін бұл әжептәуір шығын. Ашу қысқан Қожағаппар ауылының тұрғындары Мырзахмет Момынқұл мен Ербол Абаев ауылдастарын ұйымдастырып, арландардың соңына түскен еді. – Із кесіп барып қасқырдың екеуін атып алдық, біреуі жараланып қашып қамысқа бой тасалап, сіңіп кетті, – дейді аңшылар.

Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол».

Берікқара ауылы, Талас ауданы.