Қанжығада – қола медаль
Қанжығада – қола медаль
Тихуана (Мексика) қаласында пара жүзуден паралимпиадалық спортшылар арасында әлемдік серия өтуде. Облыстық дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының спортшысы Нұрдәулет Жұмағали 100 метрге брасс әдісімен жүзуде барлық кластар арасында қола медальға қол жеткізді. Спортшының жеке бапкері – жүзуден ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Саттар Бейсембаев. Аталған жарысқа әлемнің 13 мемлекетінен және Мексиканың клубтық командаларынан 228 спортшы қатысуда.