Шырақшысы шындықтың
Шырақшысы шындықтың
Байқау «Бір кем дүние», «Шырақшысы шындықтың», «Аңыз тұлға – Шер-аға!» деп аталатын бөлімдерді қамтыды. Жарысқа 10 -11-сынып оқушылары арасынан барлығы 18 оқушы қатысып, бақ сынады. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені А.Суханбаев орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ажар Өмірәлі иеленді. Бірінші орынға Ақшолақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ақжайық Нағашбай табан тіресе, екінші орын №1 мектеп гимназиясының 10-сынып оқушысы Нұрдәулет Бердуллаев пен Берікқара орта мектебінің 10- сынып оқушысы Қазына Еркінқызына бұйырды. Ал үшінші орынды Ғ.Мұратбаев гимназиясының оқушысы Іңкәр Толдыхан мен Абай орта мектебінің 10-сынып оқушысы Мейірім Бейбітқызы иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Гүлжанар ПРАЛИЕВА,
аудандық балалар шығармашылығы және
тәрбие орталығының педагогі.
Байзақ ауданы.