Шу
Шу
Аудандық «Шу өңірі»-«Шуская долина» газетін ұзақ жыл басқарған, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ахметжан Қосақовтың құрметті демалысқа шығуына байланысты салтанатты рәсім өтті. Рәсімге аудан әкімі Б. Нүркенов қатысып, А.Қосақовтың жемісті еңбегін бағалай келіп, иығына шапан жапты. Ал газеттің фототілшісі, Қазақстанның Құрметті журналисі П. Норкин қызықты естеліктер айтты. Аудан өмірінің айнасы «Шу өңірі»-«Шуская долина» газетінің тізгінін осы газетте бұған дейін бас редактордың орынбасары қызметін атқарып келген Нұржан Қадырбеков ұстады.