Шеберлік сыныбы 25 балаға көмектесті
Шеберлік сыныбы 25 балаға көмектесті
Тараз қаласына «BI-Жұлдызай» қорының қолдауымен жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасып, түрлі кеңестермен бөлісуге, травматолог- ортопед, балалар хирургі, медицина ғылымдарының кандидаты А.А.Кольцов және Санкт-Петербург медициналық-әлеуметтік сараптама, протездеу және мүгедектерді оңалту ғылыми-практикалық орталығының бірінші балалар ортопедиясы бөлімінің меңгерушісі. Г.А.Альбрехт келді. – Ресейлік әріптестердің келуі, әрине, біздің мамандарға кәсіби біліктілігін арттыруға және халықаралық тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік болды. Бұрындары облыс тұрғындары Астанаға немесе Алматыға барып, онда туа біткен патологияның күрделі және аралас түрімен емделген болса, енді біздің хирургтер оларды жергілікті жерлерде өз бетінше жүргізе алады, – дейді облыстық көпсалалы балалар ауруханасының бас дәрігері Ержан Әбдіхалықов. Тәжірибе алмасу барысында Жамбыл және Түркістан облыстарынан жоғарғы және төменгі аяқ-қолдарының күрделі ақауларымен келген 25 балаға түрлі ота жасалды, сондай-ақ консультациялық-диагностикалық көмектер де көрсетілді. Барлық ота түрлері жергілікті ортопедия және травматология бөлімшелерінің дәрігерлерінің қатысуымен жасалып, көрсетілді.
Облыстық денсаулық сақтау
басқармасының баспасөз қызметі.