Денсаулық

Шаһардың шырайын сәулеттік жобалар ашады

Шаһардың шырайын сәулеттік жобалар ашады

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте шаһардың cан-саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Бүгінде Тараз қаласының тұрғын үй қорында 1406 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның 151-і жөндеуді қажет етеді. Биыл республикалық бюджет есебінен қала аумағындағы 50 көппәтерлі тұрғын үй модернизациядан өтуде. Жұмыстың 90 пайызы аяқталған. Жиында ең алдымен білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселесі сөз болды. Бүгінгі таңда қалалық білім бөліміне қарасты 61 мектеп пен 45 балабақшаның барлығына жылу берілген. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында мекемелер 100 пайыз ішкі және сыртқы бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні 61 камера істен шыққан. Ал келер жылы істен шыққан аналогты камераларды цифрлық камераларға ауыстыру жұмыстары жүргізілмек. «Балалардың алаңсыз білім алуын қамтамасыз ету – басты назарда болу қажет», деген шаһар басшысы бұл мәселе қатаң бақылауында болатындығын айтты. Қала аумағында 630-дан аса азық-түлік тауарларын сататын сауда дүкендері жұмыс істейді. Жауапты бөлім тарапынан қаладағы ірі сауда орталықтарына апта сайын мониторинг жүргізіліп, талдау жасалуда. Жыл басынан бері 11 ішкі сауда субъектілеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, заңбұзушылыққа жол бергені үшін 6 жеке кәсіпкер мен 1 заңды тұлғаға ескерту және 1 жеке кәсіпкерге айыппұл салынды. Аппараттық жиында биыл елімізде алғаш рет тойланғалы отырған «Республика күні» мерекесіне орай іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Мереке қарсаңында 20-дан астам іс-шара өткізу жоспарлануда. Атап айтқанда, қаланың шет аумағында орналасқан тұрғындарға мерекелік көңіл- күй сыйлау мақсатында автокеруендер, төмендетілген бағадағы жәрмеңкелер, жұмыспен қамту саласындағы бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылмақшы.  

Тараз қаласы әкімдігінің

медиа-орталығы.