- Advertisement -

Бейнебақылау қауіпсіздікті күшейтеді

103

- Advertisement -

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте қауіпсіздік бейнебақылау камераларының орнатылу мәселелері талқыға түсті. Басқосуда алдымен облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бауыржан Үдергенов «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізу және оқу орындарындағы қауіпсіздік жөнінде баяндады. Оның айтуынша, қазіргі таңда Тараз қаласының аумағында 210 бейнебақылау камерасы орнатылған. Сондай-ақ жедел басқару орталығын қалпына келтіру жобасы аясында полиция департаменті жедел басқару орталығына біріктірілген аналитика функциясы бар 100 бейнебақылау камерасы қойылған.

– Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты шеңберінде 450 нысан анықталып, онда 1250 жалпы бейнебақылау камерасын және 48 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендерін қою жоспарланған. Бүгінгі күні «Сергек» жалпы бейнебақылау камераларын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бекітілген мекенжай бағдарламасына сәйкес 48 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 15 бекеттері және 1250 бейнебақылау камераларының 520-сы орнатылып, іске қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, – деді Б.Үдергенов.

Жиында сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік жағдайы да сараланды. Облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозовтің айтуынша, аймақтағы 443 мектептің барлығында 100 пайыз бейнебақылау камералары орнатылған және ондағы бейнебақылау камераларының саны 9296-ны құрайды.

Басқосу соңында Нұржан Молдиярұлы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты талап екендігін айрықша атап өтіп, «Сергек» аппараттық бағдарламалық кешендер мен камераларды орнатуды әрі оны іске қосу шараларын уақтылы орындауды тапсырды. Мектептердегі дабыл түймелерінің жұмыс істемей тұрғандығын сынға алған аймақ басшысы барлық білім беру ошақтарында сандық бейне жүйесі бар камералардың болуын, олардың полиция бөлімдерімен интеграциялануын міндеттеді.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support