Жаңалықтар

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хабары

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хабары

2022 жылғы 12 қазанда Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14, 45, 46, және 111-1-бабының 6 тармағына, 112-бабына және «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы Кеңесінің 2022 жылғы 7 қазандағы No6/1 қаулысына сәйкес Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ: 1. Жамбыл облыстық мәслихаты депутатының босаған мандаты «Ақ жол» партиясының партиялық тiзiміне енгiзiлген Муханбеталы Женисович Шалкарбековке берілсін. 2. Муханбеталы Женисович Шалкарбеков жетінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты болып тіркелсін. 3. Жетінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының депутатына белгіленген үлгідегі тиісті куәлік және омырауға тағатын белгі тапсырылсын.