Экономика

ҚЫСТАУЛАРҒА ЖЕМШӨП ЖЕТКІЗІЛУДЕ

ҚЫСТАУЛАРҒА ЖЕМШӨП ЖЕТКІЗІЛУДЕ

Биыл Меркі ауданы бойынша мал қыстатуға 35410 бас мүйізді ірі қара, 232154 бас қой-ешкі, 11478 бас жылқы, 140 бас түйе,1225 бас шошқа түскелі отыр.

«Қазіргі таңда «Жылы бұлақ-Меркі», «Меркі» асыл тұқымды қой зауыты, «Аспара» сияқты ірі шаруашылықтарда қойды қолдан ұрықтандыру науқаны аяқталып, енді алыс мал жайылымдарындағы қыстауларға мал азығын тасу жұмысы қолға алынды», – дейді аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Садық Бұтабаев. Оның айтуынша қыстау басына бүгінгі таңға 128 мың 300 тонна жемшөп жеткізілген. Бұдан басқа қолдағы малға тоғыз мың бес жүз тонна сүрлем, 12900 тонна сабан, 21 мың тонна жем дайындалған екен. «Сарықобы», «Қосқұдық» сияқты шалғайдағы қыстауларға мал азығы тасымалдануда. Осы іске 48 трактор мен 21 жүк автокөлігі жегілген. Олар қар түскенше қыстау басына жемшөптің жеткілікті қорын жеткізіп алуға күш жұмсауда.

Сейсен Қожеке, «Ақ жол». Меркі ауданы.