- Advertisement -

Тәрбие – тал бесіктен

121

- Advertisement -

Алла Тағала о баста адамды жаратқанда әуелі ер адамды, одан соң әйелді жаратты. Ер мен әйел арасындағы тығыз қатынастың мызғымас бірлігін, тұтастығын, бір-біріне сүйіспеншілікте болуын сақтау үшін, Алла Тағала әйелді ер адамның оң жақ қабырғасы мен етінен жаратты.

Міне, адам арасындағы бауырластықтың болуы осыдан. Ер әйелді екі себепті жақсы көреді. Бірінші себебі, әйел жоғарыда айтылғандай, ер адамның қабырға етінен жаратылуына байланысты болса, екінші себебі, еркектерге қарағанда әйелді өте көркем, әдемі, ерекше сұлу етіп жаратты. Бұл ер адамның әйелге деген сүйіспеншілігін үнемі сақтап қалуы үшін.

Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю» деп босқа айтпаған. Неге десеңіз, ер балаға қарағанда, қыз бала ерте есейіп, оның бойында еліктеушілік ерте пайда болады. Сондықтан ненің жақсы, ненің жаман екенін үйде ата-ана, мектепте мұғалімдер айтып, үнемі санасына құйып отыруы тиіс.

Қазір жастар арасында «Ұят» деген сөзіміз адам баласының бойындағы өмір бойы болатын санамыздың кілті десек еш қателеспейміз. Егер осы кілтіңізді уақытша болса да жоғалтып алсаңыз, ол өміріңізді үлкен қасіретке әкелері сөзсіз.

Дүниені үнемі түрлі өзгеріске түсіріп отыратын адам болса, ол осы адамды дүниеге әкелетін ана. Ана сөзі қызына өмірлік өнеге болуы тиіс. Әрине, екі жақ та дұрыс пікір, ақылды ой болса. Ал қазір керісінше кез келген ұл мен қыз ата-аналарына үстемдік жасап, әлгі жоғарыдағы ата-ананың пікірімен ешбір санаспай, айтқандарын істеуде.

Міне, адасудың жолы – осы. Бұған кінәлі ата-ана өзіміз. Дұрыс-бұрысын біле тұра, себепті дәлелдерін айтып түсіндіріп жатуда дәрменсіздік танытамыз.

Халқымыз «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді. Ал осы бесікті түзейтін аналар. Ол үшін әрбір ана, үлгілі, көргенде көрікті, ақылды болуы тиіс. Ана бойындағы ең бастысы жоғарыдағы бір ауыз сөз. «Ұят» болуы керек. «Ұят» деген еңбектеген баладан бастап, еңкейген қариялар бойында өмір бойы болуға тиісті асыл қасиет.

Егер осы асыл қасиет әрбір ана санасынан орын алса, әлгі түзу бесік солардың қолында болады.

 

Сейітқазы қажы МЕДЕТБЕК,

«Жуалы» көпшілік мешітінің имамы, ауданның Құрметті азаматы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support