Спорт және туризм

Жолдама жолындағы жанталас

Жолдама жолындағы жанталас

«Тараз» премьер-лигада қалу үшін «Қыранды» жеңуі керек

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының кезекті маусымы мәресіне жетті. «Астана» футбол клубы атауы өзгергеннен кейін тұңғыш рет ел чемпионы атанса, еліміздің пентакампеондары «Ақтөбе» күмісті қанағат тұтты. Үздік үштіктің қатарында Алматының «Қайраты» бар. Ал жерлестеріміз «Тараз» футбол клубы ағымдағы маусымда ала-құла өнер көрсетті. Бір сөзбен айтқанда, ілініп-салынып ойнаған «Тараз» ойыншылары бар болғаны турнир кестесінің он бірінші сатысына жайғасты. Семейдің «Спартагы» анық аутсайдер атанып, бірінші лигаға жол тартса, «Тараз» маусымды әлі аяқтаған жоқ. Қарашаның он алтысы күні бірінші лиганың күміс жүлдегері Шымкенттің «Қыранымен» премьер-лигада кім қалу керектігін анықтайды. Матч «Астана-Арена» стадионында өтеді. «Қыран» осал қарсылас емес. Сол себепті де біздің футболшылар барын салуы керек-ақ.

 Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».