Қоғам

Жаңа техника тапсырды

The final spritzer

Жаңа техника тапсырды

Ауданда қоқыстарды дер кезінде шығарумен 5 техника айналысады, оған 82 қоғамдық жұмысшы тартылған.

Жақында аудан басшысы Марат Сұлтанғалиев әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қоқыс шығаруға арналған су жаңа «КамАZ» маркалы көліктің кілтін тапсырды. 45 миллион теңгеге сатып алынған жүк көлігінің көлемі 16 текшеметрді құрайды. Жалпы, ауданда қоқыс алаңдарын жаңартудың 31 заманауи жобасы әзірленіп, ұсыныс енгізіліп отырғанын айта кеткен жөн. Алдағы уақытта бұл мәселе бойынша бюджет есебінен қаржы қарастыру көзделген.  

Сарысу ауданы