Саясат

Жол бойынша 97 жоба дайын

Жол бойынша 97 жоба дайын

Биыл ауданда «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 5 көшеге, жергілікті бюджеттен 29 көшеге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары аяқталып келеді.

Сондай-ақ биыл Шу қаласына кіреберісінен бастап, Балуан Шолақ ауылына дейінгі 32 километр жол күрделі жөндеуден өткізілуде. Нысан 2023 жылға өтпелі болмақ. Сонымен қатар 52 километрді құрайтын Шу-Қайнар жолына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жалпы, биыл жол бойынша құны 2,7 миллиард теңгені құрайтын 97 жоба дайын тұр. Оның 91-і ауылішілік, 6-ы аудандық мәндегі жол. Бұлар бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп, жоспар құрылған.  

Шу ауданы