Денсаулық

Қалада жылу беріле бастады

Қалада жылу беріле бастады

Облыс орталығында жалпы жылу өндіруші және жеткізуші 5 кәсіпорын бар. Жылу қуатын өндіруші қазандықтардың жалпы саны – 56, бұл қазандықтарда 171 негізгі қазан орналасқан. Оның 90-ы резервтік қазан болып табылады. Қалада 253,482 шақырым жылу жүйелері бар.

Қаладағы жылу өндіруші және таратушы кәсіпорындардың 2022-2023 жылдардағы жылу беру кезеңіне дайындығының аяқталуына байланысты, ауа райының өзгеруі мен түнгі мезгілдегі температураның төмендеуіне қарай білім беру мен денсаулық сақтау мекемелеріне биыл 5 қазаннан бастап жылу беріле бастады. Ал жалпы көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру кешегі күннен, яғни 10 қазаннан басталып кетті.