Ұлттық құрама дүниежүзілік жарыста жеңімпаз

17

Түркияның Изник қаласында Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. Көкпар додасына Моңғолия, Түркия, Өзбекстан, Ауғанстан, Венгрия, Қырғыз Республикасы және басқа да мемлекеттерден командалар қатысты. Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Өзбекстан құрамасын 8:1 есебімен айқын ұтса, екінші айналымда Моңғолия құрамасынан 12:2 есебімен айласын асырды. Ал финалда Қырғыз Республикасынан келген командамен кездесті. Ойын аса тартысқа толы болды.

Айыр қалпақты ағайындар да есе жібергілері келмеді. Дегенмен Қазақстан құрамасы 4:3 есебімен жеңіске жетіп, ІV Дүниежүзілік көшпенділер ойынының жеңімпазы атанды. Атап айтқанда, Қырғыз құрамасына еліміздің сапынан Әділет Мамыт екі салым, Құрманбек Тұрғанбек, Абылайхан Нышанбеков бір-бір салымнан салып, жеңіске үлес қосты.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.