- Advertisement -

Классиктің мерейтойына коллекциялық монеталар шығарылды

116

- Advertisement -

Ұлттық банк «MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL» коллекциялық монеталарын айналымға шығарды. Бұл монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғастыруда.

Номиналы 500 теңгелік монеталар күмістен жасалған, монетаның сапасы – proof, массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, таралымы – 2000 дана.

Номиналы 100 теңгелік монеталар мельхиор қоспасынан дайындалған, монетаның сапасы – brilliant uncirculated, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, таралымы – 20 000 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады, еліміздегі банктерде шотқа есепке алынады, аударылады, ұсақталады және айырбасталады.

Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде Ұлттық банктің нөмірлі сапа сертификаты бар кәдесый орамында болады. Мельхиор қоспасынан жасалған монеталар жеке блистерлік орамда шығарылады.

Коллекциялық монеталар «Қазақстан» теңге сарайында дайындалды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support