- Advertisement -

Жамбылдық жүйрік топ жарды

142

- Advertisement -

Мемлекет басшысының қолдауымен өткізілген «Ұлы дала жорығы» атты аламанда Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылының тұрғыны Байбұлан Үшкемпіров «Шрам торы» атты сәйгүлігімен III-орын иегері атанды. Жүйріктер бәйгесінде тұлпары топ жарған Байбұлан Ержанұлын Ақбұлым ауылының әкімі Ердос Бейсенов бастаған жерлестері, ауыл ақсақалдары мен белсенді жастары, тұрғындары үлкен құрметпен қарсы алды.

Олар шабандозды Ұлы «Жеңіс» ескерткіш алаңы алдында күтіп алып, жылы лебіздерін арнады. Округ әкімі Ердос Бейсенов шабандозға аудан әкімінің Құрмет грамотасын табыстады. Қаржылай сый-сияпат жасап, шапан кигізіп, тұлпарына жабу жапты.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support