Саясат

Тағайындау

Тағайындау

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылдың 04 қарашадағы №421-ж/қ бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Асқар Станиславұлы Тынысбеков тағайындалды. Асқар Станиславұлы Тынысбеков 1964 жылы туылған, ұлты – қазақ, білімі –жоғары, 1984 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын жаттықтырушы, 1992 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін экономист, 2005 жылы Қазақ гуманитарлы-заң университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1984 жылы Талдықорған қаласындағы трестінде спорт бойынша нұсқаушы болып бастаған. 1986-1988 жылдары Алматы облысы Есік қаласындағы Еңбекшіқазақ орындаушылық комитетінің дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы, 1991 жылы Алматы облысы Талғар совхозының Еңбекшіқазақ аудандық комитетінің партком хатшысы. Қаржы саласындағы еңбек жолын 1991 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының мемлекеттік салық инспекторы болып бастаған. 1992-1996 жылдары Алматы облысы Есік қаласының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша қаржы-бақылау комитетінің бас бақылаушы-ревизоры, 1996-2000 жылдары Алматы қаласының Түркісіб ауданы бойынша салық инспекциясы бастығының орынбасары, 2000-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы, 2002-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінің төрағасы, 2008-2010 жылдары Алматы қаласы бойынша салық департаменті Алмалы ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, 2010-2012 жылдары Атырау облысы бойынша салық департаментінің бастығы, 2012 жылдан бері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаржы мониторингі бойынша комитетінің төраға орынбасары қызметтерін атқарған.