- Advertisement -

Елу жыл бойғы серігім

92

- Advertisement -

Мен «Aq jol» газетінің тұрақты оқырманымын. Жас кезімнен, нақтырақ айтсам, елу жылдан бері әр нөмірін жібермей, әсіресе танымдық, тарихи мақалаларын үзбей оқып келемін. Елу жылдан бері менің сырлас серігіме айналды десем болады. Газетке жазылмай қалған кезім болған емес.

Уақыт талабына сай, оқырман үдесінен шығып жүрген басылымнан шынайы ақпаратқа қанық болып, қоғамдағы өзге де өзекті мәселелерден дер кезінде хабардар болғыларыңыз келсе, сіздерді де «Aq jol»-ға жазылуға шақырамын. Биыл жарық көріп келе жатқанына бір ғасыр толған ата басылымды мерейтойымен құттықтай келе, өзімнің жүректен шыққан өлеңімді ұсынамын.

Газет деген бар тірліктің айнасы,

Орасан көп, ұшан-теңіз пайдасы.

Рух көтеріп, жеткізетін ұрпаққа,

Адамдықтың, даналықтың қоймасы.

 

Газетіміз сол үшін де бағалы,

Әрбір үйге үміт отын жағады.

Еркін елдің еңбекқұмар ерлері,

Бар керегін газеттен оқып табады.

 

Газетте бұл өз анамның тілі бар

Елдің сыры, ақындардың жыры бар,

Сол үшін де елмен сырлас газетті,

Ұлағатты ұстазым деп ұғыңдар!

 

Жұмсаған елге бар күшін,

Оқы, жаңалық жаршысын.

Жүреді желдің өтінде,

Өзі емес, туған халқы үшін.

 

Талғат ЖҰМАБЕК,

облыстық билер кеңесі төрағасының орынбасары,

Талас ауданының Құрметті азаматы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support