- Advertisement -

Аурухана маңы ми батпақ…

117

- Advertisement -

Мен қырық жылдан астам уақыттан бері Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылының тұрғынымын. Аудан орталығында шүкір, жаңа ғимараттар салынып, түрлі сауықтыру, тынығу орындары көптеп ашылуда. Көшелеріміздің жолы да біртіндеп жыл сайын жаңарып келеді.

Алайда айтайын дегенім, аудандық емхана мен ауруханаға апаратын аялдамадан түскеннен кейінгі жолдың сапасы сын көтермейді. Медициналық мекемеге сау адамның бармайтыны түсінікті. Неше түрлі мүгедектер, балалар, аяғы ауыр, нәрестелі келіншектер жазда шаңы аспанға көтеріліп, күзде шалшық, лай боп жататын жермен жүріп, суды кешіп өтіп барып-қайтуға мәжбүр. Шыны керек, қаншама жыл тұрсам да, неше әкім ауысса да, осы маңға асфальт төселгенін көрмеппін. Соншалықты көп аумақ та емес, бірақ науқастарға, емхана мен ауруханада жұмыс істейтін қызметкерлерге әжептәуір қолайсыздық туғызып келеді.

Міне, күз де келді. Ойықтары мен шұқырлары көп бұл жер енді шалшық пен батпақтан аяқ алып жүргісіз болады. Осы мәселе облысымыздың бас басылымы «Aq jol» газеті арқылы ауданымыздағы құзырлы орындарға жетіп, аудан тұрғындарына қолайлы болу үшін, аталмыш аумаққа жөндеу жұмыстары жүргізілсе деймін.

 

Шамшакүл ТӨЛЕПБАЕВА,

зейнеткер.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support