Департамент басшысы тағайындалды
Департамент басшысы тағайындалды
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаменті мен бәсекелестікті қорғау комитеті облыстық басқармасы бірігіп Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті болып қайта құрылған болатын. ҚР Ұлттық экономика министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен департамент басшысы болып Қасымов Мүслім Жеңісұлы тағайындалды. Бұрын табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы қызметін атқарған Мүслім Жеңісұлын жаңа қызмет орнына отырғызып, ұжымға таныстырған облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков оған жаңа лауазымда табыс тіледі. – Сіздердің көрсеткіштеріңіз де, жеткен жетістіктеріңіз де жақсы. Мүслім Жеңісұлы бұл салада жаңа адам емес. Оған жұмыс жайы жақсы таныс. Сондықтан кәсіби маман ретінде зор сенім артып отырмыз, – деді Бекболат Серікбекұлы. Өз кезегінде Мүслім Қасымов облыс басшылығының сенім артқандарына рахмет айтып, жұмысты бұрынғыдан да жандандыруға сөз берді.
Болат Жаппарұлы, «Ақ жол».