«Самұрық-Қазына» лауазымына 18 үміткер детектор сынағынан өте алмаған
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобындағы басшы лауазымдарына 18 үміткер полиграф тексеруден өте алмады. Бұл туралы брифингте қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов хабарлады.
Айтуынша, «Самұрық-Қазына» тобындағы компаниялар басшы, басқарушы директорлары мен бөлімше басшылары лауазымына үміткерлердің бәрі комплаенс-тексеруден өтеді.
Болашақ сатып алу менеджерлері үшін қосымша детектор сынағы енгізілген. Мұндай сынақтар «Самұрық-Қазына» тобындағы 38 компанияның 96 үміткеріне жүргізілген. 18 үміткер сынақтан өте алмаған.
Comments are closed.