Жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" лауазымына 18 үміткер детектор сынағынан өте алмаған

"Самұрық-Қазына" лауазымына 18 үміткер детектор сынағынан өте алмаған

"Самұрық-Қазына" компаниялар тобындағы басшы лауазымдарына 18 үміткер полиграф тексеруден өте алмады. Бұл туралы брифингте қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов хабарлады. Айтуынша, "Самұрық-Қазына" тобындағы компаниялар басшы, басқарушы директорлары мен бөлімше басшылары лауазымына үміткерлердің бәрі комплаенс-тексеруден өтеді. Болашақ сатып алу менеджерлері үшін қосымша детектор сынағы енгізілген. Мұндай сынақтар "Самұрық-Қазына" тобындағы 38 компанияның 96 үміткеріне жүргізілген. 18 үміткер сынақтан өте алмаған.