Есепшілер күніне орай құрмет көрсетті

91

Қай ұжымда да есепшілердің еңбегі ерен. Өйткені, ай бойы төккен теріміздің өтеуі ретінде банктегі есепшотымызға жалақы түсіретін де, іссапарға шығып жатсақ, қалтамызға тиісті қаржыны салып беретін де солар.

Елімізде қазан айының 6-шы жұлдызында бейресми түрде Есепшілер күні аталып өтіледі. Осыған орай, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің басшы құрамы есеп-қисап бөлімінің қызметкерлері Әсел Қосакова мен Айгүл Өскенбаеваны арнайы құттықтап, сый-сияпат көрсетті.

Comments are closed.