Ірі жобалар іске асады
Ірі жобалар іске асады
– Ағымдағы жылдың 9 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң өзгеріс қалыптасты. Атап айтқанда, өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі де, құрылыс жұмыстары да жоспардан асырылып орындалды. Келешекте ауданда 6 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұл жобалардың үшеуі келер жылы, ал екеуі 2024 жылы іске қосылмақ. Ал бір жоба яғни, «Zhanashyr projekt» жобасы 2025 жылы қолға алынады. Дәл осы ірі жобаның аясында 580 жұмыс орнын ашуды көздеп отырмыз, – деді Сәкен Қаланұлы. Басқосу барысында сондай-ақ елді мекендерді ауыз су және көгілдір отынмен қамтамасыз ету, тұрғындарды баспанамен қамту, әлеуметтік нысандардың дер кезінде пайдалануға беру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен сөз болды. Айта кетейік, «Асар» жобасы аясында ауданда бүгінгі күнге дейін 9 баспана берілген. Ал биыл жоба шеңберінде 4 үй тапсырылып, 7 үйді беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен биыл 42 маман тұрғын үйге қол жеткізген.
Есен ӨТЕУЛІ