- Advertisement -

Қазақстанда білім беру 13,8% қымбаттады

81

- Advertisement -

Қазақстанда білім беру ақысы 13,8% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті.

«Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы 2021 жылғы тиісті аймен салыстырғанда 13,8% көтерілді. Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары өсім.

Мектеп пәндері бойынша білім беру орталықтары қызметінің ақысы бір жылда 10,2% артты.

Колледжде білім беру төлемі – 19,5%, жоғары оқу орындарында 16,3% қымбаттады.

Түрлі кәсіптік оқыту курстарының бағасы 15,6% өсті», — делінген статистика мәліметінде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support